Basty bet
Ауыл тұрғындарына арналған жәрмеңке
Аудандық «Достық» мәдениет үйінің кіші залында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкені аудан әкімдігінің ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесі ұйымдастырды
Жәрмеңкеге аудан әкімдігіне қарасты АХАТ бөлімі, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі және аудандық орталық ауруханасы мен «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің аудан бойынша Мансаптық орталық филиалының қызметкері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және жер қатынастары бөлімінің мамандары ауыл тұрғындарына, соның ішінде жастарға өз салалары бойынша көрсетілетін қызмет түрлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өткізілген онлайн жәрмеңкеге ауданға қарасты барлық ауылдың тұрғындары қамтылған. Олар мамандарға өздеріне керекті мәліметтер бойынша сұрақтар қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.
Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»