Basty bet

«ADAL AZAMAT»

Халықаралық жастар күні қарсаңында “Жастармен бірге” ұлттық жастар онкүндігін өткізу жоспарланған. Осыған орай аудандық орталық кітапхананың “Coworking” залында «ADAL AZAMAT» жобасы аясында әр салада жетістікке қол жеткізіп жүрген азаматтармен кездесу өтті.
Шараның мақсаты – жастардың адалдық, патриоттық сезімдерін ояту.
Аталған шараға Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары Бахытгүл Жексекеева, аудандық мәслихат депутаты Мұхамеджан Әсемов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау капитаны Бақтияр Мағыртай және “Жастар ресурстық орталығы” мекемесінің “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Олжас Кәрібай қатысты.
Шара барысында қонақтарға жастар тарапынан сұрақтар қойылды.
-Кездесу қонақтары адалдық, әділдік, жан тазалығы, отансүйгіштік тақырыптарында да өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Аудандық
“Жастар ресурстық” орталығы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close