Basty bet
“ОМИКРОН” ШТАМЫ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?
Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша коронавирус індетінің өршіп тұрғанын байқауға болады. БАҚ немесе басқа дереккөздерді былай қойғанда, мұны әр адам өзінен де, әріптестері мен жақын туыстарының ауырғанынан да байқауда. Аурудың өршуі салдарынан медицина қызметкерлеріне де үлкен жүктеме түсіп отыр.
Бұл аурушаңдықтың артқанын «Омикрон» штамымен немесе басқа да алдыңғы штамдармен байланыстыруға болады.
Бұл штам қашан және қайдан шықты?
B.1.1.529 штамы Оңтүстік Африкадан 9 қараша күні алынған сынамадан анықталған. 24 қарашада ел үкіметі ДДСҰ-ға жаңа штам жөнінде баяндаған. Ұйым жанындағы арнайы кеңес (TAG-VE немесе Technical Advisory Group on SARS-CoV-2 Virus Evolution) екі күн ішінде бар ақпаратты саралап, ДДСҰ-ға мутацияны “алаң тудырған штам” деп атауды ұсынған.
26 қараша күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың B.1.1.529 дейтін вариантын “алаң тудырған штам” (Variant of concern) деп атады.
КВИ-дің ЖАҢА “ОМИКРОН” ШТамЫ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?
“Дельта” нұсқасына қарағанда 70 есе тез көбейеді.
Бүгінгі күні вирус әлемнің 126 елінде анықталған.
Соңғы 14 күн ішінде Дания елінде аурушаңдықтың ең үлкен өсімі байқалған. Яғни, 70%-ға жоғарылаған.
«Омикрон» штамының негізгі белгілері қандай?
Дене қызуының көтерілуі, әлсіреу, бұлшықеттер мен буындардың ауырсынуы, бас ауырсынуы, маңдай бөлімі мен самай бөлімінің ауырсынуы, тамақ ауруы.
Жеткіншектерде кездесетін симптомдар:
Әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тез шаршау, тәбеттің болмауы, асқазан-ішек жолдарының бұзылысы, денеде бөртпелердің пайда болуы.
«Омикрон» штамын жұқтыру қаупін төмендетудің кілті:
Үш дозалы вакцинация режімін (немесе екі доза + емделген Covid инфекциясы) барлығына вакцинацияның толық схемасы ретінде қарастырылуы керек;
Әлеуметтік байланыстар мен жұмыс орнындағы өзара әрекеттесуді азайту – берілісті азайтудың ең тиімді әдісі.
Адамдар орналасқан бөлменің ауасын тазарту;
Физикалық алыстауға мүмкіндік беретін адамдар тығыздығын азайту;
Үй-жайлар мен көшелерде маска режімін міндетті және қатаң түрде сақтау;
Бұқаралық шараларды шектеу;
Осал адамдар үшін барлық сақтық шараларын күшейту.
Осы шаралардың ешқайсысы жеке-жеке тиімді емес, бірақ біріктірілген кезде олар инфекцияның таралу қаупін едәуір төмендетуі мүмкін. Олар коменданттық сағат, қатты локдаун немесе оқу орындарын жабу сияқты төтенше жағдайларда оданда қатаң шараларды болдырмау үшін ұсынылады.
Аудандық орталық ауруханада КВИ жұқтырудың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар.
Коронавирус инфекциясының алдын алудың бірден-бір жолы вакцинация екендігі көп рет айтылып келеді. Сол себепті, әлемнің алпауыт мемлекеттері сияқты Қазақстанда да коронавирус инфекциясының алдын алу үшін 12 жастағы балалардан бастап, жүкті және емізулі әйелдерді, сонымен қатар осы күнге дейін вакцинацияның ІІ этапын алған тұлғаларды бустерлық дозамен қайта ревакцинациялау жүргізілуде. Вакцина жасалғалы бері бүкіл әлемде миллиондаған адам КВИ-ге қарсы түрлі вакцинамен егілді. Бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасып, жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санын азайтуға мүмкіндік береді.
Жуалы ауданы бойынша «Комирнати» вакцинасы және ревакцинация қарқыны қалай жүріп жатыр?
Вакцинация бойынша:
І компонент бойынша 25178 адам – 100,0%, ІІ компонент бойынша 25177 адам – 100,0%
КОМИРНАТИ (ПФАЙЗЕР) вакцинасы бойынша: 19.11.2021-19.01.2022жж Жоспар -5953. Оның ішінде 4898 бала, яғни 12-17 жас аралығындағы балалар болса, 270-і жүкті әйелдер, емізулі әйелдер – 785.
Бүгінгі таңда екпенің І компонентін салдырғандар саны – 2333 адам (39,2%). Оның ішінде 12-17 жас – 1827 (37,3%), емізулі әйелдер – 328 (41,8%), жүкті әйелдер – 176 (65,2%). Ревакцинация жүкті әйелдер: 14
Екі компонент барлығы – 988 адам (16,6%) алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы 765 (15,6%), емізулі әйелдер 148 (18,9%), жүкті әйелдер – 75 (27,8%)
РЕВАКЦИНАЦИЯ бойынша жоспар: 8973. Оның салынғаны – 6001 ( 66,9%). Қалғаны – 2972
Оның ішінде: Медицина қызметкерлері – 460, білім беру мекемелерінің қызметкерлері – 1220 мемлекеттік қызметкерлер – 61, СЭББ – 4, студенттер – 105, созылмалы аурулары бар адамдар – 497, ІІҚ,ҰҚҚ -56, КТЖ – 13 және басқалар -3585.
Қалды Байрамов,
аудандық орталық аурухананың ішкі аудит және пациентті қолдау
қызметінің басшысы.
Аудандық мәслихаттың депутаты