Basty bet

«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы

Үміткердің жасы 35-тен аспауы керек. Бағдарламаға қатысушылардың Жамбыл облысындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс. Табысы да ескерілетін болады. Отбасының әрбір мүшесі үшін ол 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейінен астауы керек (1 КМ – 37 389 теңге).
Тұрғын үй сатып алуға Отбасы банк 13 млн теңгеге дейін заем береді (егер мүліктің құны одан асатын болса, сатып алушы айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады). Бастапқы жарна – 5%, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%), несиенің төлем мерзімі – 19 жылға дейін.
«Әулиеата жастары» тұрғын үй өңірлік бағдарламасының қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
1.Бағдарламаға Жамбыл облысында келесі қызмет салалары бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер қатыса алады:
1) Денсаулық сақтау саласы бойынша;
– денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес (дара кәсіпкерлерді қоспағанда) ұйымдардың қызметкерлері;
2) Білім беру саласы бойынша:
– жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
– білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері;
– балабақша тәрбиешілері,
3) Мәдениет және тілдерді дамыту саласы бойынша:
– мәдениет саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымның (дара кәсіпкерді қоспағанда, ЖШС, АҚ) қызметкерлері (оның ішінде кітапхана, мұражай, кино, театр, өнер, тіл, эстрада);
4) Спорт саласы бойынша:
– спорт саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істейтін жаттықтырушылар, оқытушылар, жаттықтырушылар, спорт нұсқаушылары (қоспағанда
жеке кәсіпкер, ЖШС, АҚ);
5) Дін саласы бойынша:
– дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері;
6) Жастар саясаты саласы бойынша:
– жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері;
7) Журналистика саласы бойынша:
– Жамбыл облысында орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
– Жамбыл облысы бойынша жергілікті тілшілер, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
8) «Қазпошта» АҚ пошташылары;
9) Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері;
10) мемлекеттік қызметшілер.

Жастар ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Close