Basty bet

Ауданда үш мектепке атау берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 204 Жамбыл облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы Қаулысына сәйкес облыстағы бірқатар білім беру және мәдениет ұйымдарына атау берілді. Оның ішінде облыстағы 43 мектепке Алаш және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар және басқа да тарихи тұлғалардың есімдері беріледі.
Біздің ауданда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №1 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімі, №15 мектеп-лицейіне Әлихан Бөкейханның есімі, №29 орта мектебіне Мағжан Жұмабаевтың есімі берілді.
Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ. Халқымыздың қадірлі жандарының есімін қоғамдық ой-санада жаңғырту – ортақ міндет. Сондықтан бұл жағдай жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыруда да үлкен рөл атқарады.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close