Basty bet

Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі

Өрт – «тілсіз жау». Ол айтып келмейді. Кешіксең, кешірмейді. Сәл тосылсаң, ол тажал әп-сәтте-ақ айналасын жалмап тынады.
Сондықтан ондай жаумен күресу үшін төрт қаруың түгел, сақадай сай болуың қажет. Ал бүгінгі таңда автокөліктерде өрт қауіпсіздігі , өрт қауіпсіздік ережелері сақталмай отыр.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi.
Көбінесе тілсіз жаудың шығуы, автокөліктің электрсымдарының шағылысуынан пайда болады. .
Құрметті автокөлік иелері!
-Автокөліктерінізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
-Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электрсымдарына баса назар аударыңыз;
-Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
-Практика көрсеткіші бойынша өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмір қышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.
Егер сіздің автокөлігінізде өрт пайда болған жағдайда:
-cол заматта көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, капотқа жақындатып шашыңыз;
-Практика жүзінде 90% «тілсіз жау» электро тізбектердің бұзылуынан болады.
-Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.
-Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.
-Жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін оны су мен көбік немесе топырақ, көбік сеуіп тастау керек
-Егер көлігіңізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз.
Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №7 Өрт сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close