Basty bet
Билікөл ауылдық округінде табиғи газ іске қосылды

Бүгін Билікөл ауылдық округіне қарасты Қарабастау, Жылыбұлақ, Әбдіқадыр және Дарбаза елді мекендеріне жүргізілген табиғи газ құбырының құрылысы пайдалануға берілді.
Аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында қазіргі таңда ауданда 49 елді мекен толықтай, 100 пайыз табиғи газбен қамтылды.
Атап айтқанда, 2022–2023 жылдары Қошқарата, Қаратас, Қызтоған, Ақтасты, Рысбек батыр ауылдарында табиғи газ құбыры жүргізіліп, ел игілігіне берілген болатын.
Сондай-ақ 2024 жылы Қарабастау мен Жылыбұлақ ауылдарында, 2025 жылы Дарбаза мен Әбдіқадыр ауылдарында кварталішілік газбен жабдықтау желілерінің құрылысы жүзеге асырылды.
Билікөл ауылдық округіндегі кварталішілік газ тарту жүйесінің құрылысын 2024 жылы «Париев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ал 2025 жылы «Құрылыс–2015» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Жоба аясында округ аумағындағы 314 аула мен 1626 тұрғын табиғи газ тұтыну мүмкіндігіне ие болды.
Табиғи газдың іске қосылуына арналған салтанатты шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза қатысып, тұрғындарды құттықтады.
– «Бүгін міне, сіздердің қуаныштарыңызды бөлісуге келіп отырмыз. Ауылға келген газдың игілігін көріңіздер. Отбасыларыңызға амандық тілеймін. Бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, қызметтеріңізде табыс, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін», – деді аудан әкімі.