Basty bet

ҚР ІІМ-ның жоғары оқу орындарында оқу тегін

Қазіргі таңда ҚР ІІМ жүйесінде үш жоғары оқу орны жұмыс істейді.
ҚР ІІМ Алматы Академиясы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жедел-іздестіру және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша дайындайды.
Бейіндік пәні – «Дүниежүзі тарихы» және «Физика».
ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тергеу-криминалистикалық және жедел-криминалистикалық мамандықтары бойынша дайындайды.
Бейіндік пәні – «Дүниежүзі тарихы».
ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша әкімшілік-құқықтық мамандығы бойынша дайындайды.
Бейіндік пәні – «Дүниежүзі тарихы».
Оқу орындарына орта немесе арнайы орта білімдері бар 25 жасқа дейінгі және оқуға түсу жылында 31 желтоқсанғы жағдай бойынша 16 жасқа толған, ішкі істер органдарының қыметкерлеріне қойылатын талаптарға сай, оқуға және әскери қызметке денсаулығы жарамды, іскерлік, жеке және моральдық сапалы азаматтар қабылданады.
ҚР ІІМ-ның жоғары оқу орындарында оқу тегін. Оқу процесінде ҚР ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары казармада тұрады, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, стипендия алады. ҚР ІІМ Жоғары оқу орындарының түлектері жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Жоғары оқу орындарындағы оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі және толық оқу курстарын аяқтаған жағдайда ішкі істер органдарындағы қызмет өтіліне есептеледі. Үміткерлерге іріктеу 2024 жылдың 1 мамырына дейін жүргізіледі.
Анықтаманы және керекті мәліметтерді мына мекенжайлардан алуға болады: Б.Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі №84, Жуалы ауданы полиция бөлімнің кадр саясаты. Байланыс телефоны: 2-16-13.

Таңдаулы материалдар

Close