Basty bet

Жемқорлыққа қарсы реформа өз күшінде

Жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін күрделі мәселе. Ол экономиканың өсуін баяулатып, қоғамның мемлекетке деген сенімін төмендетеді. Сондықтан көптеген елдерде жемқорлыққа қарсы реформалар жүргізіліп келеді.
Жемқорлыққа қарсы реформаның негізгі мақсаты – мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру. Бұл үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік сатып алуларды ашық өткізу, шенеуніктердің кірістері мен мүлкін декларациялау сияқты шаралар жүзеге асырылады.
Қазақстанда да жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады. Соңғы жылдары электрондық үкімет қызметтері кеңейтіліп, азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын азайтуға көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлғаларға қатысты жауапкершілік күшейтілгенін әр азамат біледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден-бір қолға алынған негізігі мақсаттарының бірі. Аталған дерт заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Оны басқа да дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор зиянын тигізіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесіп, қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет!
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, Сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар, мекемелер мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар және жеке тұлғалар жүргізуі тиіс.
Айналасындағы саламатты, таза және сау қоғамдық орта, азаматтардың қызмет етуіне қауіп төндірмейтін, қауіпті дерттің болдырмауының тетігі.
Байлықтан табыс табудың жолын бірінші орынға қою, пайдакүнемдікті дұрыс деп санауы сана-сезімге еніп кеткені соншалық, жемқорлыққа барған азаматтар нәтижесін кейіннен сот процесінде ғана түсінеді. Әрине, кейін өкінеді, бірақ кеш болып, соттың шешімі заңды күшіне еніп оны қайтара алмайды. Заң барлығына тең әрі ешкімді таңдамайды.
Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.
Ең маңыздысы, мысалы сыбайлас жемқорлықпен 10 жылға сотталған адам соттылығының өтелу мерзімінің жартысы өткеніменен мерзімінен шартты түрде босатыла алмайды, сол он жылды өтеуге міндетті, заңның осы қылмысқа қаталдығы соншалықтылығын осыдан көруге болады. Сол үшін әркім осы қара жолға түсер алдында терең ойлануы абзал.
Біз сана-сезімімізден бұл пайдакүнемдік сезімді жоюға тырысуға тиіспіз!
Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтып, азаматтарды жемқорлыққа жол бермеуге шақыруда. Сол себепті, біз осы іске атсалысқанымыз жөн!

Самат Ералиев,
сот әкімшісінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close