Basty bet

Үш ауысымды мектептерді жою: Президент тапсырмасы бойынша жаңа форматы 141 оқу орны пайдалануға берілді

📌Қазақстанда жайлы оқу ортасын құру үшін білім беру инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту жалғасуда. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министри М.Мелдебекова хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен апатты және оқушы саны көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған «Келешек мектебі» жобасы жүзеге асырылуда.

«Мемлекет басшысының бастамасымен “Келешек мектептері” ұлттық жобасы табысты жүзеге асырылды. Ониң аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 460,4 мың орындық 217 жаңа формата мектеп салынуда. Бұл жоба арқылы 69 үшауысымды, 22 апаттық мектеп және 100-ден астам мектепте орын тапшылығы мәселеси шешімин тапты. Жалпы 2025 жылы 214 мың оқушы орнына арналған 141 мектептің құрылысы аяқталды»,

— деді спикер.

Таңдаулы материалдар

Close