Basty bet
Дін және жастар
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Иеміз Құдайға деген сенімі.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірлескен 2024 жылға жұмыс жоспарына сәйкес, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің теолог маманы Р.Абделиевтің қатысуымен жалпы 64 іс-шара және 6 жаспен адрестік жұмыстар жүргізілді (52 жастармен кездесу, 1 жастардың қатысуымен арнайы түсірілген бейнеролик, 7 мекеме қызметкерлерімен кездесу, 1-№91678 әскери бөлім сарбаздарымен кездесу, 3-тікелей эфир).
Аталған шараларға 1723-ке жуық жас тартылды.
Жастар арасында, соның ішінде «Этностық диаспораларда терроризм мен экстремизмнің алдын алу, проблемалар және оларды шешу жолдары» атты діни сауаттылықты арттыру мақсатында этно-мәдени бірлестік өкілдерімен 3 кездесу өткізіліп, аталған шараға 32 өзге ұлт жастары тартылды.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі.
Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Жастардың рухани және діни сауатты болуы – кезек күттірмес мәселелердің бірі. Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз.
Өкінішке орай, теріс діни ағымның ығына жығылған жастардың саны бір кездері күрт өсті. Жаһандану дәуірінде түрлі рухани қауіп-қатерлердің бар екендігі және жастарды «бұқаралық мәдениеттің» зиянды әсерінен қорғау маңызды рөл атқаруда. Өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын насихаттау, жастардың санасын бөтен идеялардың ықпалынан қорғау, ақпараттық шабуылдарға қарсы идеологиялық иммунитетті қалыптастыру, қылмыстың, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға көмектесу үшін жастардың патриоттық сезімін арттыру қажет!
Нұртілеу ТӨРЕН,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ директорының орынбасары