Basty bet

Қарабастаудағы “Су патшалығына саяхат” фестивалі

Билікөл ауылдық округіндегі Қарабастау бұлағының басында бұлақтың шығу тарихын, қасиетін қамти отырып танымдық театрландырылған қойылым мен фестиваль өтті. Шараның мақсаты – балаларға, ауыл жастарына су және оның маңызы, қасиеттері туралы мәлімет беру, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Фестивальға ауылымыздың тұрғындары мен қонақтары да қатысты.
“Билікөл ауылының басы байлы,
Секілді төл меншігі тасымайды.
Бұрқырап бұйраланып Қарабастау,
Нәрімен күллі ауылды асырайды”,- деп ақын апамыз Айша Көпжасарова жырлағандай, бұлақтың қасиеті мен тарихы айтылды.
Мәдениет мамандарының ұйымдастыруымен қысқаша қойылым қойылды.
Қойылымда алтын балық, су перісі, бақалар, тамшы қыз, су асты жұлдызшасы, көк балықтар және су патшасы, т.б кейіпкерлер өнер көрсетті.
Мәдениет үйінің жанынан құрылған “Гүлдер” би үйірмесі “Чунга-чанга” биін, “Тұмар” көркемсөз оқу үйірмесінің қатысушысы Аяла Асқарбай “Мөлдір бұлақ” әнін, ауылымыздың өнерпаздары Раушан Асқар “Билікөл” әнін, Мадияр Өмірбаев “Арқаның сұлуы” және т.б әндер орындалды.
Соңында көрермендер атынан Билікөл ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Еңсебек Абсалямов пен ауылдық аналар алқасының мүшесі Балқия Әбдірашова өнерпаздарға алғысын білдірді.
Фестивальдан ауылдықтар тамаша көңіл күймен тарқасты.

Салтанат Иманбаева,
Қарабастау ауылдық мәдениет үйінің маманы

Таңдаулы материалдар

Close