Basty bet

Көркемсөздің майталманы

Бойында өткірлік бар батырдағы,
Тұла бойы – тағылым, нақыл бәрі.
Жазбаның жампозы деп бағаланған,
Жуалының Сіз арлы Ақылжаны.

Жуалы тауларынан гүл де терген,
Атағын аймағының бір көтерген.
Шын еңбекті құрметтеу деп ойлаймын,
Тағылған кеудеңізге «Құрмет» орден!

Арнайын жан ағама күнде ақылды өлең,
Ағатай, Сізді өзіме жақын көрем.
Ақыл аға бір күнде туылыпсыз,
Геннадий Головкиндей батырменен

Жол жүріп күміс соқпақ, алтын ізбен,
Күн кешіп әдеп, ғұрып, салтымызбен.
Алпыс бес көктем, жазды қарсы алдыңыз,
Баяғы қарапайым қалпыңызбен!

Асып тұр біреуінен бір ісіңіз,
Әлі алтын бұлақтан су ішіңіз.
Жиырма алты жыл «Ақ жолда» жалғасыпты,
«Жаңа өмірден» басталған жұмысыңыз.

Қымыз ішкен кісідей әр сабадан,
Хабары бар кісісіз әр саладан.
Дос бар ма сізден артық әріптеске,
Жастарға үйретуден шаршамаған.

Ұнаған көпшілікке бар мінезі,
Ұнаған жас толқынға дәмді сөзі.
«Ақ жол» деген газетті биіктеткен,
Сіз деп білем ағажан Нардың өзі!

Анасын көріп ұлын таниды адам,
Қарт кісі екен жаралған ар ибадан.
Сіз өмірге әкелген мың жасасын,
Қадірлі Халықова Камила анаң!

Айттым-ау жақсылықтың тізіп бәрін,
«Ақ жол» деп тер төктіңіз сіз, ұққаным.
Жүзге жетіп көріңіз деп тілейміз,
Үйдегі Ақжолдың да қызықтарын!

Терістің асау аққан арнасы боп,
Жастардың ақылшы аға, төр басы боп.
Жүріңіз Жуалыдан шыққан аңыз,
Тұлғалардың бүгінгі жалғасы боп!

Рухани ініңіз Есет Досалы.
2.08.2024 жыл
Тараз қаласы

Таңдаулы материалдар

Close