Basty bet

Тұрғындарды жұмыспен қамту мен құрылыс жұмыстарының сапасы қаралды

Аудан әкімі Жалғас Мұртазаның төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде алдымен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың 7 айында атқарған жұмыстары қаралып, бөлім басшысы Арайлым Налекованың баяндамасы тыңдалды.

Баяндамашының айтуынша, ауданда 2024 жылы жоспар бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жалпы 3901 адамды тарту көзделіп, 2321 адам белсенді шараларға тартылған (орындалуы 59,5 пайыз). Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 1800 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына 1194 адам, «Бастау бизнес» курсына 560 адам, қысқа мерзімді оқу курсы және жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқытуға 108 адам, онлайн оқыту курсына 169 адам және мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша (400 АЕК) 70 адам).
Атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне келсек, өтініш берген 1476 адамы бар 260 отбасына 80799,6 мың теңге АӘК және олардың 1 жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 453 балаларына қосымша төлем 13008,0 мың теңге тағайындалып, 7 айға 93807,6 мың теңге толық төленген. Былтырғы жылмен салыстырғанда АӘК алушы отбасылар саны -1321 адамы бар 243 отбасыға немесе 48,3% азайған
Тұрғын үй көмегі бойынша: 2024 жылдың 7 айында 199 адамы бар 32 отбасына 735,3 мың теңге тағайындалып, төленген.
А.Налекова мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілген әлеуметтік көмектерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығына қарай құралдармен, санаторлы-курорттық емделумен қамтылуына тоқталды.
-Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі дағдарысты, күнкөріс деңгейінен төмен «D және Е» санаттарындағы азаматтарды жоғары санаттарға ауыстыру бойынша және аталған бағыттағы жұмыстардың нәтижесі әкімдердің рейтингісін қалыптастыру кезінде ескерілетіндігі және тоқсан сайын қаралатындығы тапсырылған болатын. Бүгінде аудан бойынша 13629 отбасы цифрлық картаға енгізілген. Оның ішінде А санаты – 1141 отбасы, В санаты – 4249 отбасы, С санаты – 4410 отбасы, D санаты – 3185 отбасы, Е санаты – 644 отбасы.
«D» (дағдарыс-семьи в кризисной ситуации), «Е» (мүшкіл- семьи в трудной ситуации) санаттары бойынша 3829 отбасы аудандағы отбасылардың 28,1 пайзын құрайды.
D, Е санаттағы отбасы санын азайту үшін әлеуметтік саламаттылығының деңгейін слайдта көрсетілгендей есебін жүргізу керек,- дей келіп, баяндамашы аудан бойынша 3829 отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайларын зерделеп, отбасының әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау үшін атқарылуы қажет жұмыстарды атап өтті.
-Жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін аудандағы бірқатар мекемелер ат салысу керек. Атап айтқанда, ауылдық округтер, кірістер басқармасы, білім бөлімі, жер қатынастары бөлімі, Мансап орталығы, орталық аурухана.(Бұл жұмыстарды тиімді етіп орындау үшін аталған азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, грант, жеңілдетілген несие алуға сүйемелдеу, табысын заңдастыру, бизнестері болса жеке кәсіпкерлік ашу, малдарын тіркеу, тұрғын үйлерін заңдастыру, т.б.).
Сонымен қатар, жұмыстарды жүйелеу мақсатында «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне қолжетімділік ауыл әкімдерінде бар екенін ескертеміз,- деді А.Налекова.
Аудан әкімі Ж.Мұртаза бөлім басшысына ауқымды, маңызды салаға қажетті қаржыны есептеп, қажет қаржыға сұраныс жасау қажеттігін ескертті.
“Отбасының цифрлық картасы” бойынша да тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру қажеттігін баса айтты.
Аудандық “Мансап” орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы Ерік Сұрамысов аудан тұрғындарын жұмыспен қамту көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы баяндады. Яғни, жұмыспен қамту жоспарының орындалуы бойынша әр бағдарламаға жеке-жеке тоқталып өтті. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 80 адамды орналастыру жоспарланып, 81 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданған (орындалуы- 101,2%).
“Жастар практикасына” 200 жас маманды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 116 жас маман жұмысқа орналастырылған (орындалуы-58,0%).
Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 650 адам тартылуы жоспарланып, 653 жұмыссыз азамат орналастырылған (орындалуы- 100,5%).
“Алғашқы жұмыс орны” жобасын іске асыру- 112 адамды орналастыру жоспарланып, 22 адам жұмысқа жолданды (орындалуы-19,6%).
«Ұрпақтар келісімшарты” жобасына – 2 жас маманды тарту жоспарланып, 2 адам жұмысқа жолданды (орындалуы- 100,0%).
«Күміс жас» жобасы бойынша 150 адамды тарту көзделіп, 109 адам жұмысқа жолдама алды (орындалуы- 72,6%).
Кәсіпкерлік бастамашылыққа қайтарымсыз мемлекеттік гранттар 2024 жылғы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемелекеттік қайтарымсыз гранттар 1-ші лекпен 35, 2-ші лекпен 35 осал топтағы азаматтарға берілу жоспарланып, маусым айында 35 азаматқа мемлекеттік қайтарамсыз грант берілді. Оның ішінде 3 азаматқа құралдарға (инвентарь), 3 азаматқа еңбек құралдарына (орудие труда), 6 азаматқа технологиялық жабдық (технологического оборудования), 17 азаматқа жануарлар бағыты, 5 азаматқа құс, балық және 1азаматқа тұқымдар (рассада) бағыттары бойынша берілді.
“Бастау-Бизнес” жобасы бойынша «Еңбек» порталы арқылы 250 азамат оқуға қатысып, 176 азамат оқуларын аяқтап, сертификаттарын алған.
Аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы орындалу көрсеткіші төмен бағыттарды саралай келіп, баяндамашыға мәселе жоспарды дұрыс межелеуден басталатынын, яғни жоспарды ауданның мүмкіндіктерін саралап, зерделеп, оны облыстық басқармаға дәлелдеп барып бекіту қажеттігін ескертті.
-Мәселен, мемлекеттік гранттың көлемін көбейту керек.
Жұмыс орындарын құру өңірлік картасы бойынша құрылған жұмыс орындарына келсек, ауданда түрлі жобалар бойынша қаншама жұмыстар атқарылуда. Мердігер компанияларда жұмыс істеп жатқан азаматтардың көбі жергілікті тұрғындар. Алайда олар базаға енгізілмеген. Бұл жерде бюджеттік бағдарлама басшыларымен жұмысты дұрыс ұйымдастыру керек, дер кезінде дабыл қағу, яғни жұмысқа деген жанашырлық қасиет қажет,- деді Жалғас Әлижанұлы.
Қысқасы, аудан әкімі баяндамашыларға 8 айдың қорытындысымен төмен көрсеткіштерді толық орындауды тапсырды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және аудан елді мекендерінің сәулеттік келбетін арттыруда атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сауырбаевтың баяндамасы тыңдалды.
Айта кету керек, 2024 жылы аудан аумағында барлық бюджет көздері есебінен жаңа құрылыс жүргізу және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 72 жобаны іске асыру үшін 8,6 млн. теңгеге келсім шарт рәсімделіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда,оның ішінде 39 нысанның құрылысы аяқталған, жыл соңына дейін құрылысын аяқтау жоспарланған 27 нысан бар. Қалған 6 нысанның құрылысы жоспарға сәйкес 2025 жылға өтпелі. Нұрсұлтан Талғатұлы ауданда түрлі салада атқарылып жатқан жұмыстарға, орын алған мәселелерді жеке-жеке баяндап, проблемалар мен олардың шешу жолдарын атап өтті.
Аудан әкімі құрылыс жұмыстары бойынша тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне халық игілігі үшін соғылып жатқан нысандардың сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.
Ал аудан орталығы мен ауылдық округтердегі елді мекендердің сәулеттік келбетін арттыру туралы берілген тапсырмалар әлі күнге орындалмай отырғанын айтып, алдағы уақытта бұл мәселе қайта қаралатынын ескертті.
-Мінбеде әдемі сөйлеп, келесі жолға дейін жан нәсіп деп жұмыс істеуге болмайды. Бұл барлық басшыларға ортақ ескерту.
Жұмысқа тәртіп, жауапкершілік, әдеп, этика, іскерлік, талпыныс, ниет керек. Кейбір басшылар туралы әңгімені мен білемін. Сондықтан кезі келгенде ренжімеңіздер…
Тұрғындармен, жеке кәсіпкерлермен тазалық, ғимаратының сәулеттік келбеттін реттеу мәселесі бойынша дұрыс сөйлесе біліңіздер.
Аудан орталығы – ауданның айнасы. Сондықтан сананы оятайық. Жеке бастың мүддесін бірінші орынға қоймай, ауданның болашағын, абыройын, ұрпақ тәрбиесін, келешегін де ойланайық.
Аудан орталығындағы базар маңын әлі реттей алмаудамыз. Өзі тар жерге тағы да құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкерлер бар. Шағын сауда орны болса да күніне 20-30 көліктің тоқтауына әсер етеді. Ол тұрғындарға да, өзіне де ыңғайсыздық туғызады. Сондықтан осыны тұрғындарға дұрыс жеткізе білуіміз қажет,- деді аудан әкімі.

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close