Basty bet

Далада дүбір басталды

Ағымдағы жылы 97 315 га егістік жерді игеру жоспарлануда. Түйінді нысаналы индикаторлық көрсеткіштерге сәйкес, дәнді масақты және бұршақты дақылдар 37 050 га, оның ішінде күздік бидай 11 020 га, жаздық арпа 25 730 га, дәндік жүгері 300 га, майлы дақылдар 20 820 га. Оның ішінде мақсары 19 820 га, күнбағыс 920 га, қытай бұршағы 80 га, қант қызылшасы 145 га, картоп 2 500 га, көкөніс 650 га, бақша 10 га, сүрлемдік жүгері 750 га және жаңа таза егістегі көпжылдық шөптер 2660 га егу жоспарлануда, 6760 га сүдігер (пар).

Бүгінгі күнге Ақтөбе және Қызыларық ауылдық округінің диқандары көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кетті. 12 наурызға жалпы егістік жерлердің айдалғаны 375 га, өнделгені 260 га, 190 га жаздық арпа себіліп, жұмыс жалғасуда. Қажетті тұқымдармен толық қамтамасыз етілген.
Ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі дала жұмыстарына дайындығы бойынша, қолда бар 595 дана тракторлардың дайыны 564 дана (95 пайыз), 127 дана дән сепкіштердің дайыны 122 дана (96 пайыз), 125 дана культиваторлардың дайыны 120 дана (96 пайыз), және 200 дана соқаның дайыны 195 дана( 97,5 пайыз).
Арзандатылған дизель отыны бойынша аудан көлемінде «Ауыл мұнай» ЖК орналасқан жері Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №1 (Халық банкі ғимараты 2 қабаты) және «Орсо Энергу» ЖШС орналасқан жері Б. Момышұлы ауылы, Жібек жолы көшесі №6/д (бұрынғы нефтебаза) бекітіліп, жергілікті агроқұрылымдарды қамтамасыз етеді. Көктемгі дала жұмыстарына барлығы 2360 тонна, наурызға 250 тн, сәуірге 720 тн, мамырға 780 тн және маусым айына 610 тонна. Бүгінгі күнге өткеру бағасы әр литрі 173 теңгені құрауда.

Аудан әкімдігінің ауыл
шаруашылық бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close