Basty bet

«Есіңде ме,сол бір кез!?»

Ауылдық округтердегі мәдениет ошақтарына шілде, тамыз айларына “Ауылымның кештері” атты фестиваль өткізу туралы тапсырма берілген. Осы жұмыс жоспары аясында Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Шыңбұлақ ауылдық клубында мамандар А.Ортаева, Б.Сәрсеқұлова, С.Нұрымбетованың ұйымдастыруымен “Есіңде ме..? Сол бір кез!” атты ретро әндер мен би кеші өтті.
Ән кешіне ауыл тұрғындары қамтылып сағынышқа, махаббатқа толы, сырлы жастық шақты еріксіз көз алдына әкелетін сүйікті әндер шырқалып, билер биленіп, жиналған жұртшылықты ерекше әсерге бөледі. Өйткені сағындырған әндер – ата-әжелеріміздің, аға-жеңгелеріміздің махаббаттарының куәсі болған сағынышқа толы сазды әндер.
Ретро әндерге күні бүгінге дейін жұрттың ықыласы ерекше. Мәнді де ырғақты әуендер өткен күннен сыр шертетін тамаша сәттерді тағы бір еске түсіруге ықпал етері сөзсіз.
Клуб мамандары 80-90 жылдардың танымал әндерін шырқап, жиналған көрерменді биге тартып, кешті қызықтыра түсті.
Сонымен қатар әдемі естелікке толы байырғы көне заттар: радио, төсек және төсек жабдықтары, фотоаппараттар, ыдыстармен көрме ұйымдастырылған.
Шара соңында ауыл тұрғындарына Ләззат Жанысбекова, Алтай Наурызов, Мазур Николай, Елдар Абдуалиевтың демеушілігімен балмұздақ пен түрлі тәттілер таратылды.

Айман Ортаева,
Шыңбұлақ ауылдық клубының маманы

Таңдаулы материалдар

Close