Basty bet

Еске алу турнирі

Өткен аптада жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық турнир өтті.
Жарыстың басты мақсаты – кеңседегі толассыз құжаттар, қызу жұмыс кестесінен мемлекеттік қызметшілерді бір сәтке мұның бәрінен босатып, бар назарларын спортқа аудару, саламатты өмір салтын қолдау және мемлекеттік қызметшілер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Аталған турнирге Тараз қаласы, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Қордай, Мойынқұм және Жуалы ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған командалар қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы Зиядхан Бүрлібаев, аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев, спорт ардагері Мақсұтбек Арзымбетов, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов, аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының басшысы Жандос Баетов қатысты.
Облыстық турнирді ашқан аудандық мәслихат төрағасы Зиядхан Бүрлібаев пен аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, биік тұғырдан көріне берулеріне тілектестіктерін білдірді.
Жарыс өте тартысты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша “Жуалы ауданы” командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды “Тұрар Рысқұлов ауданы” командасы қанжығысына байласа, үшінші орын “Тараз қаласы” командасына бұйырды.
Сонымен қатар, волейбол ойынында жақсы тартысты ойын көрсеткені үшін “Үздік байланыстырушы” номинациясымен “Тараз қаласы” командасының ойыншысы Елдос Кеңесбеков марапатталды. “Үздік шабуылшы” номинациясын “Тұрар Рысқұлов ауданы” командасының ойыншысы Мансұр Болат алса, “Үздік либеро” болып “Жуалы ауданы” командасының ойыншысы Мадина Әлиханова танылды.
Жарыстың жеңімпаздарына диплом, кубок, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды.

Аудан әкімдігінің денешынықтыру және
спорт бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close