Basty bet

Аудан әкімі Азия чемпионын қабылдады

Кеше аудан әкімі Жалғас Мұртаза жақында Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, жерлесіміз, №26 Жаңаталап орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әбдімансұр Жақсылықты қабылдады. Жас чемпионды құттықтауға аудан прокуроры Ілияс Тойшыбеков, аудандық соттың төрағасы Бабырхан Әбуев, аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев және спорт жанашырлары да келді.

Жалғас Әлижанұлы Әбдімансұр Нұржауұлына Азия біріншілігінде топ жарып, еліміздің абыройын биікке көтергені және жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Алда әлі де талай дүбірлі додаларда биік белестерді бағындыратынына сенім білдіретінін айтып, игі тілегін жеткізді. Сонымен бірге чемпионға барша жуалылықтардың және өз атынан құттықтау хаты мен сый-сияпатын тапсырды.
Спортшының жеңіске жетуінде бапкерінің де еңбегі көп. Сондықтан бапкері Нұрхат Белгібайға аудан әкімінің Құрмет грамотасын тапсырып, иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.
Әбдімансұр Нұржауұлын аудан прокуроры Ілияс Тойшыбеков, аудандық соттың төрағасы Бабырхан Әбуев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев та құттықтады. Құттықтаушылар ата-анасы мен туыстарының берген тәрбиесін, бапкерінің еңбегін, өзіне артылған сенімді ақтап, ел абыройын асқақтатқаны үшін алғыстарын білдіріп, алда Олимпиада шыңын бағындыруға тілектестіктерін білдірді. Ілияс Прмаханұлы аудандық прокуратураның атынан Алғысхат тапсырды.

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close