Basty bet
Референдумға қатысып, дұрыс таңдау жасайық!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп, оның инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған негізгі 9 бағыттың қарастырылғаны белгілі. Президент Жолдауында атап көрсетілгендей, ел өміріне қатысты ең маңызды мәселе – елімізде атом энергетикасын дамыту болып отыр. Бұл мәселе қазір жұртшылық арасында кеңінен талқыланып, біздің ел тарихи таңдау жасаудың алдында тұр.
Осынау маңызды мәселе туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын» деп атап өтті.
Сонымен қатар, Президент әлемде энергия тапшылығының артып отырғанын және осыған сәйкес, елімізге сенімді әрі экологиялық жағынан таза қуат көздерінің аса қажет екендігін баса айтып отыр. Сондықтан біз қазіргі таңда атом энергетикасын дамытуға баса назар аударуымыз қажет.
Президенттің биылғы жаңа Жолдауында айтылған маңызды мәселе – Қазақстанда атом электр стансасын салуға терең мән беріп, көңіл бөлу қажет. Бұл өз кезегінде ел болашағының жарқын кепілі болмақ. Сондықтан АЭС салу жөніндегі алдағы жалпыұлттық референдумға белсене қатысып, дұрыс таңдау жасауға тиіспіз!
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей: «Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз».
Дарихан СЫДЫҚОВА,
зейнеткер, Аналар алқасының мүшесі.
Б.Момышұлы ауылы.