Basty bet

Топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” КММ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Jastar” дамыту орталығы” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 17-20 қыркүйек күндері Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері аудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиынның мақсаты – аудандағы діни тұрақтылықты нығайту мақсатында аудан аумағында деструктивтік ағымдармен ақпараттық-түсіндіру, оңалту жұмыстарын жүргізу, жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру. Сондай-ақ аудан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу болып табылады.
Аудан көлемінде жалпы саны 12 іс-шара ұйымдастырылып, оған 500-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы Әбілхайыр Сабырұлы, теолог Медет Халықов, Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры, дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Жуалы, Қарабастау, Б.Момышұлы, Көлбастау ауылдарында болды. Олар жастар арасында «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп», «Дін және жастар» «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Ұлтқа құрмет-тәрбиеден» және т.б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында колледж студенттері, мектеп оқушылары, жастар және т.б. топтар қамтылды.

“Jastar” дамыту орталығы”,
жастар қоғамдық бірлестігі

Таңдаулы материалдар

Close