Basty bet
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МАМАНДЫҒЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына еліміздің озатты жоғары оқу орындары арасында лайықты орынды иеленіп отырған «Өрт қауіпсіздігі», «Азаматтық қорғау» «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» саласындағы жоғарғы білікті мамандарды даярлау бойынша кадрлардың орталығы болып Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы болып табылады.
Академия қабырғасында мамандандырылған кадрларды нәтижелі даярлауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ әдістемелік және педогогикалық әлеуеті қалыптастыру, академияға оқуға түскен мектеп білімгерлері мен тыңдаушылардың рухани-адамгершілік, отансүйгіш және мәдене-эстетикалық тәрбиеленудің мол тәжірбиесін жинақтауына көп үлесін қосады. Қазіргі таңда академия түлектері халықты, еліміздің ұлттық байлығын лаулаған апаттан қорғау бойынша алдыңғы қатарда бола отырып, өз қызметтік борыштарын абыроймен орындап жүр. Республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады.
Академияға күндізгі оқу түріне 25 жастан аспаған, оқу жылы басталғанда 16 жасқа толған, (мектеп бітірген білімгер) жалпы орта, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби) орта кәсіби (орта білімнен кейін) білімі бар, әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, қабылдау емтихандарын сәтті тапсырған ҚР азаматтары қабылданады. Академияның күндізгі факультетінің толық курсын бітірген тұлғалар үшін, атап айтқанда – 4 жыл оқу мерзімі мерзімді әскери қызметке теңеледі. Оқу соңында күндізгі түлектеріне әскери іс және қауіпсіздік бакалавры деген академиялық дәреже және арнайы «азаматтық қорғау лейтенанты» шені беріледі. Олар Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірлігінің өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінде жұмысқа орналасуына кепіл береді. Күндізгі оқу факультетінің Түлектері Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызметінің барлық бөлімшелерінде қызмет етеді.
Құрметті мектеп бітіруші білімгерлер сіздерді ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға шақырамыз. Үміткер азаматтар болған жағдайда Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне мына телефондары арқылы хабарласуға болады: 2-04-89.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
№7 Өрт сөндіру бөлімі