Basty bet
КӨНЕНІҢ КӨЗІ, ДӘСТҮРДІҢ ӨЗІ
«Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым» дегендей, қазақ елі өткеніне салауат айта отырып, бүгінгінің жаңа дүниесін
қабылдаумен қатар, ұлттық құндылықтарды ұмытпауы тиіс. Осы орайда, «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты
бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп Тұңғыш
Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылықтарымыз – Ұлы даланың жеті қыры
екенін атап көрсеткен болатын.Қазақ халқының ұлттық тағамдарының
жоғалмауы, ұрпақтан-ұрпаққа жетуі –
адамдардың есінде мәңгілік сақталып,
жатталып қалуында жатыр. Алайда,
кейбір ұлттық тағамдар халық арасында
күнделікті өмірде ұмыт болып бара
ж ат қ а н ы ж а с ы р ы н е м е с . М ұ н д а й
та ғ а м д а рд ы ел а р а с ы н д а а й т ы п ,
насихаттап жүрген көнекөз қарт аналар
да баршылық. Сондай ақ жаулықты
аналардың бірі Ақтөбе ауылдық округінің
Бәйтерек ауылында тұрады. Әжейдің
есімі – Тұрған Кісенбайқызы.
Апамен алғаш рет ауылдық округте
өткен «Киелі өнердің кіндігі – ауыл!» атты
фестивальде танысқан болатынбыз.
Онда Тұрған апа қонақтарға мәдениет
үйінің алдында орнатылған киіз үйдің
макетінің алдында күбі пісіп, күбінің
айранын, ірімшігін, құртын ұсынған еді.
Алайда сол жолы уақытымыз қысылтаяң
болып, апамен сұхбаттасудың реті
келмеген-ді. Онымен таяуда ауылдық
округке жасаған кезекті іссапарымыз
кезінде қайта жолықтық.
Тұрған Кісенбайқызын сұрастыра
келе, Бәйтерек ауылдық мәдениет
ү й і н і ң ә д і с к е р і Ж ү з і к Та ң с ы қ о в а
жақсы танитынын, ауылдағы белсенді
тұрғынның бірі екенін білдік. Осылайша,
апаның үйіне бізді Жүзік әпке жол сілтеп,
бірге барды. Жол-жөнекей әдіскер Тұрған
апаның көпшілік жиналған орындарда,
іс-шараларда өсек-аяң емес, келелі,
пайдалы әңгімелер айтып, білгендерімен
бөлісіп, жас келіндерге білмегенін үйретіп
отыратынын мақтанышпен айтты. Апаның
тағы бір қыры – өнерінде, яғни, ауылдық
округтегі «Әжелер» ансамблінің мүшесі
екен. Көненің көзіндей, дәстүрдің өзіндей
болған Тұрған әжейдің адами жақсы
қасиеттерін, қырларын айта отырып,
межелеген жерімізге де жеттік. Апаның
шаңырағына кіргенде, әжей жылы
жүзімен, аман-саулық сұрасып, жақсы
қарсы алды. Біз келген себебімізді айтып,
онымен әңгімелесуді бастадық.
– Мен Өзбекстан Республикасындағы
Сырдария өзенінің бойында дүниеге
келгенмін. Сонда туып-өсіп, білім
алып, тұрмыс құрдым. Өзім медицина
саласының маманымын. Медбикелік
жұмыста біраз жыл табысты еңбек
еттім. Келін болып түскен шаңырағымда
ата-енем болды. Халқымның ұлттық
болмысын сол кісілердің бойынан
алғанмын. Атажұртқа отбасымызбен
2008 жылы көшіп келдік. Шүкір, мұнда
бізді жатсынбай, жақсы қарсы алды.
Қазіргі таңда тату-тәтті, ауызбіршілікте,
ынтымақта өмір сүріп жатырмыз.
Ал, біздің ұлттық тағамдарға келетін
болсақ, ең бірінші қазақ халқы ақты
қатты қадірлеген. Оны жерге төкпеген,
аяқпен баспаған. «Ақ» деп қымызды,
сүтті, айранды, шұбатты тағы да басқа
тағамдарды атаған, оны қасиетті, киелі зат
санаған. Біздің шаңырағымызда жылқы
малы ұсталып, оның қымызын өндіріп
көрмеппіз. Алайда, айран ұйытып, ірімшік,
құрт жасаймыз. Бір ерекшелігі, айранды
ұйытып, күбіге құйып, майын шығарып,
ірімшігін аламыз. Ел арасында «күбінің
айраны» деген ұғым бар. Оның дәмі
ерекше болады. Біз құртты көп жасаймыз.
Оның пайдасы өте көп. Тіпті, оқудағы
немерелерім де таңертең ауыздарына
құрт салып, оқуға кете береді. Әдетке
айналдырған. Себебі, асқазан жұмыс істеп
тұруы керек. Ол үшін таптырмайтын дүние
– құрт. Сонау замандарда, жаугершілікте
батырлар құртты ауыздарына салып,
кете берген. Сондай-ақ, жайлауда,
қыстауда мал баққанда азық ретінде
өздерімен бірге үнемі алып жүрген. Яғни,
қазақтың «ақ» деп санайтын заттарының
б а р л ы ғ ы д е н с а у л ы қ қ а п а й д а л ы
заттар. Шөлдегенде шөліңді басатын
сусын, ауырсаң дертіңе ем болады.
Отбасымызда ақ дастарқанымыздан
ұлттық тағамдар үзілмейді, – дейді Тұрған
апа.
Әңгіме барысында Тұрған апа
қазақтың тағамдарының ішінде жұқпа,
құрттаба, қарынбүрме, талқансөк, тары,
талқан, Наурызкөже тағы да басқаларды
дайындайтынын айтты. Мәселен, жұқпа
қазіргі таңда көп дайындала бермейді
екен. Бұл тағамды кезінде көбінесе
кішкентай балаларға әзірлеп берген
көрінеді. Қазақтың қай ұлттық тағамын
алатын болсақ та оның өзіндік дайындалу
әдісі, пайдасы бар. Әр адам әрқалай
әзірлеп, ата-бабадан келе жатқан ұлттық
тағамдарды ұрпақтарға жеткізуде. Осы
орайда, Тұрған әже келіндеріне өз
білгендерін үйретіп, тағамдарды бірге
жасап жүргенін айтты.
Апаның шаңырағындағы қазақтың
қаймағы бұзылмағанын дастарқан
басына қойылған қолдың ірімшігі мен
сары майынан аңғардық. Бірге отырып
дәмін татып, табиғи, нәрлі тағамдардың
пайдалы болатынын түсіндік. Ендеше,
осындай қадірменді қариялар барда
біздің ұлттық құндылықтарымыз ешқашан
жоғалмақ емес.
Қазіргі таңда Тұрған апа отағасы
Сапархан ата екеуі ұлдары Оңалбек
пен келіні Гүлидананың қолында тұрып
жатыр.
Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»