Basty bet

Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетеміз

Тіл-қашанда ұлттың ұйытқысы, Елдің бірлігін сақтайтын, салт-дәстүрдің сақталуына ықпалы мол құрал.

Өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, Отанына деген маххабаты, Еліне деген жанашырлығы, туған жеріне деген ыстық сезімі мол, тұғыры қашан да биік болатыны анық.

Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап дамытуға мемлекет мол күш жігерін салып бюджеттен қаражат бөлінуде. Әсіресе жас ұрпақтың ана тіліне деген талпынысын ұлғайтуға, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндікті беруіміз қажетті парыз.

Қазақ тілі – әлемдегі түркі тілдердің ішіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті құдіретті.

Бүгінгі таңда әлем саясатында мелмекеттік тілге деген көзқарас өзекті орынды алуда, ол әр азаматқа тән мемлекеттің абыройы мен егемендігінің сақталуының маңызды тұтқысы болып жатыр.

Әлемде болып жатқан үлкен өзгерістерге куә болудамыз, сол себептен бүгінгі таңда жас ұрпақтарды елге деген патриоттық сезімін, ана тілге деген маххабатын, насихат жолымен абыройын көтеру әр қайсымыз атсалысуымыз керек.

Ата жұрттан қалған, ана тілімізді биікке көтеру әр-қайсымызға тән патриоттық сезімдіі жалғастыруымыз қажет.

Ата Заңымызда «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп жарияланған. Яғни, ол – тек қазақтардың ғана емес, этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілі.

Бүгінгі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауындағы басым бағыттарының бірі мемлекеттік тілді жан-жақты дамытып беделін көтеру тапсырмасын орындаудамыз.

Біз Президентіміздің бастамасын жалғастыруымыз парыз.

Приоритетті бағытымыз, болашақ ұрпақтарды бір орында отырмай ары қарай осы пәрменді қадамдарды жалғастыруымыз қажет дегім келеді, сонда ғана нәтижесін көре аламыз!

 

Жуалы аудандық сотының төрағасы

Бабырхан Абуев

Таңдаулы материалдар

Close