Basty bet
«Азаматтар құқыққорғау органдарының іс әрекеттеріне шағым келтіруге құқылы»

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 106-бабы сәйкес, прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне іс қозғалған сотталушы мен іске қатысты жәбірленушінің шағым келтіруге құқықтары бар.
ҚР ҚПК-нің 105 бабының 2 бөлігіне сай, прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті. Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымнан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуді уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заңды бұзушылық туралы шағымдар алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшін қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қабылдау қажет болатын айрықша жағдайларда шағым берген тұлғаға бұл жөнінде хабарлай отырып, шағымды он бес тәулікке дейінгі мерзімде қарауға жол беріледі.
Шағымды қарау нәтижесiнде шағым жасалған шешiмнің күшін жойып немесе оны өзгертіп, шағымды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
Бұл ретте, бұрын шығарылған шешiм, егер бұл шағым берген тұлғаның немесе соның мүддесіне орай шағым берiлген тұлғаның жағдайын нашарлатуға алып келетін болса, өзгертілмейді.
Мемлекетіміз демократиялық бағытты ұстануда, бұл бір жағынан айтқанда азаматтардың құқықтарының мүлтіксіз сақталуы және бостандықтарына кепілдік беру болып келеді.
Атап айтқанда бұл тек мемлекеттік мекемелер ғана емес оған қоса құққықорғау органдары тарапынан да тергеу барысындағы қозғалып жатқан қылмыстық, әкімшілік істер бойынша сотталушылар, жәбірленушілер, құқықбұзушылар тарапынан тергеушінің әрекеттеріне және әрекетсіздігіне шағым келтіру мәселесінінің органдар тарапынан қаралуы болып отыр.
Полиция қызметкерінің әрекетсіздігі туралы арызды қалай дұрыс жазу керектігі туралы нақты талаптар жоқ. Негізгі критерий өтініш берушінің жеке деректерін толтыру болып табылады, өйткені анонимді құжаттар қарастырылмайды.
Полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі туралы шағым жоғары тұрған полиция бастығына, сотқа немесе прокуратураға беріледі.
Құжат сонымен қатар келесі ақпаратты қамтуы керек, жағдайды егжей-тегжейлі сипаттау, өтініш берушінің талаптары, органның атауы, тексеруді бастаған тұлғаның мекенжайы, телефоны, полиция қызметкері бұзды деп ойлайтын заң нормалары, прокуратура органдарына полицияның әрекетсіздігі туралы шағым түссе, онда осы ұйымның орналасқан жері бойынша мекенжайын көрсету талап етіледі. Өтінішке бұзушылықтар фактісін растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс.
Әр азамат өздерінің құқығы шегінде тергеушінің іс әрекеттеріне және әрекетсіздігіне прокуратураға шағымдана алады.
Қорғаушылар тергеу барысында сотталушылар мен жәбірленушілерге осы бағытты еске салуға мүмкіншіліктері толығымен бар.
Қазіргі таңда аудандағы тұрғылықты тұрып жатқан тұрғындар тарапынан осы бойынша білмейтіндері баршылық.
Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.
Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау (әрекетсіздік) және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектеледі.
Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді.
ҚР ҚПК-нің 106 бабының 6 бөлігіне сай шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді.
Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысының барысында хаттама жүргізіледі. Қажет болған кезде тергеу судьясы қосымша материалдарды талап етіп алдырып, тиісті тұлғаларды шақыруға және олардан сұрақ алуға құқылы. Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар соттың сұрау салуы бойынша үш тәулік ішінде мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа ұсынуға міндетті.
Еске сала кетейік, тергеу соттары келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Біріншіден, бұл прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне әрекеттері мен әрекетсіздігіне қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау, екіншіден, күзетпен ұстау, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шараларына санкция беру; сондай-ақ органдардың тергеу әрекеттерін, мәжбүрлеу шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, тергеу судьясы – қылмыстық сотқа дейінгі іс жүргізуде адамдардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын бірінші сатыдағы соттың судьясы. Оның мақсаты – қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттерінің алдын алу, заң талаптарын адал орындайтын азаматтардың құқықтарын қорғау. Тергеу судьясы аудандық прокуратура және полиция қызметкерлерімен үнемі жиналстар жүргізуде, аталған жиналыстарда сотқа дейінгі сотқа дейінгі іс жүргізуде адамдардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің түпкілікті сақталуы үнемі талқылануда.
Шағымды қарау нәтижесiнде шағым жасалған шешiмнің күшін жойып немесе оны өзгертіп, шағымды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
Жуалы аудандық
сотының төрағасы
Бабырхан Абуев