Basty bet

1 мамыр – гүл көктем!

Шуағын шашқан күн көктен,
1 мамыр – гүл көктем.
Бірлігі бекем халқымның,
Татулықты ту еткен…

Асқақтап елім тұлғаң шын,
Халқымның жүзі нұрлансын.
Татулық туы желбіреп,
Достықтың әні шырқалсын.

Бірлікпен шыққан даңқың бар,
Арманы асқақ халқым бар.
Атадан қалған аманат –
Ата-дәстүр, салтым бар.

Жасасын елім, бірлігің,
Айтамын арнап жыр бүгін.
Желбіреп көкте көк туың,
Бәрімізге ортақ – бір Отан.

Ұлан да байтақ жерім бар,
Таулары көкпен таласқан.
Бірлігі мықты елім бар,
Достығы мәңгі жарасқан.

Татулығы мен бірлігі –
Қонған бақ елдің басына.
Жарасып өмір, тірлігі,
Келеміз бір ту астында.

1 мамыр – жайнаған,
Шаттыққа толы айналам,
Бірлігі мықты елім бар,
Тұғырынан таймаған.

Аспаным ашық, жайнайды,
Кетпесін елден ырыс-құт.
Бейбітшілікті елім тойлайды,
Орнатып елге – Тыныштық!

Әлия ЖАҚСЫБЕКОВА,
ардагер ұстаз, ардақты ана.
Көлтоған ауылы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close