El іshіQoǵam

Полиция бөлімінде – жаңа бастық

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев өткен аптаның аяғында аудандық полиция бөлімінде болып, бөлімнің жеке құрамына полиция бөлімінің жаңа бастығы, полиция полковнигі Мақсат Ережеповті таныстырды.
Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Молдиярұлы бөлімнің бұрынғы бастығы, полиция подполковнигі Мергенбай Қойкеновтің бұл лауазымда бір жылдам астам жұмыс істеп, өзіне артылған сенім үдесінен шыға білгенін, соның нәтижесінде полиция бөлімінің жұмысын сапалық жаңа дейгейге көтеруге күш салғанын еске сала келе, өз бұйрығымен және аудан әкімінің келісімімен полиция полковнигі Мақсат Мұратбекұлын аудандық полиция бөлімінің бастығы етіп тағайындағанын жеткізді. Ол сондай-ақ полиция полковнигі Мақсат Ережеповтің процессуалдық заңнаманың жетік білгірі екенін, оны іс жүзінде білікті қолдана білетінін айта келіп, аудандық полиция бөлімінің алдында тұрған міндеттерді орындауда бар білімі мен тәжірибесін жұмсайтынына сенім білдірді.
Аудан әкімі Нарбай Ергебеков өз кезегінде аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мақсат Ережеповке жаңа қызметіне табыс пен сәттілік тіледі.

Абылайхан Сәрсен,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close