Qoǵam

Пара беру – қылмыс

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – дамушы елдердің күн тәртібінде алдыңғы қатарда тұратын ең маңызды мәселелердің бірі. Еліміздің «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қауіп-қатер ретінде көрсетілген.
Қазіргі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.
Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында жемқорлықтан ада өңір қалыптастыру керектігі туралы тапсырмасына сәйкес тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында барлық өңірде «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бұл – адал және тиімді мемлекеттік билік үшін, азаматтардың өз құқықтары, лайықты, қауіпсіз, жақсы өмір сүруі үшін күресі.
Мемлекеттік қызметкерлер кез келген сыйлықтарды құны мен беру себебіне қарамастан қабылдауына Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1 тармағы және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабы 1 тармағымен тыйым салынады.
Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе оған қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Пара беру және алу – заң алдында қылмыс. Параны (сыйлықтарды) алғаны және бергені үшін 2 АЕК-тен жоғары қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ал, 2 АЕК-ке дейін алдын ала келісім болмаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ағымдағы жылда Жуалы аудандық статистика басқарма қызметкерлеріне және жергілікті атқарушы өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау, мемлекеттік кызметкерлердің құқықтық деңгейін көтеру мақсатында респонденттермен байланысу үшін «бір терезе қызметінде» ұсыныс және пікір журналы орналастырылған.
«Онлайн режиміндегі деректерді жинау» ақпараттық жүйесі респонденттерге статистикалық есептерді статистика органына бармай-ақ, ЭЦҚ арқылы ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және респонденттердің қызметкерлерімен байланыстарының төмендеуіне әкеледі. Ғимаратта бейнебақылау камералары орнатылған.
Осы ретте, Жамбыл облысының статистика саласында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізіліп отырады.

Мұсахан Зайнудинов,
аудандық статистика
басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close