Qoǵam

Оқушылардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылсын

№1 мектеп-гимназияда аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – аудан көлемінде мобильдік топ мүшелерінің атқарған жұмысы туралы Анар Садыққызы баяндама жасады.
Ауданда кәмелетке толмағандармен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық прокуратурасы жанында төрт мобильді топ құрылған. Аталған топ 2021 жылдың 9 айында 427 рейд жүргізген.
Үстіміздегі жылдың 9 айында түнгі 23.00-ден кейін жасөспірімдердің заңды өкілінсіз үй-жайдан тыс жерде жүргені үшін 194 жасөспірім ұсталып, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК 442 бабы 2 бөлігімен әкімшілік хаттамасы толтырылып заңды өкіліне ескертулер жасалған.
Төрт жасөспірім бір жыл ішінде қайталап ұсталғаны үшін аталған Кодекстің 442 бабының 3 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 7 айлық есептік көрсеткіш (20 419 теңге) көлемінде айыппұл салынып, есепке алынған.
Баяндамшы 1-30 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» республикалық рейдтік шара өткізілгендігіне де тоқталды.
-Аталған рейдтік шараның мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау.
«Жасөспірім» республикалық рейдтік шара барысында мобильді топтармен жалпы 1003 нысан қамтылды. Оның ішінде 423 шаруа қожалықтар, 183 темір жол вокзалы және автобус аялдамалары, 33 көлік көтеретін орындар, 42 компьютерлік салондар, 197 базарлар мен дүкендер, 120 жанар жағармай бекеттері мен көлік жуу орындары, сонымен қатар үш жайсыз отбасы қамтылды.
Аталған шараға 604 мобильдік топ мүшелері қамтылды.
ҚР ӘҚБтК 442 бабы 2 бөлігі бойынша сағат 23.00-ден кейін жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерде жүргені үшін 10 жасөспірім ұсталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды,- деді комиссия төрайымы А.Ахметова.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Анар Садыққызы білім мекемелеріндегі мобильді топтардың жұмысын әрі қарай жандандыруды тапсырды.
Сонымен бірге білім бөлімі мен ювеналды полиция бөлімшесінің басшысына аудан көлемінде кәмелетке толмаған балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Жасөспірім» республикалық рейдтік шараларда анықталған, яғни 23.00-ден кейін жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерде жүруі бойынша анықталған Көктөбе орта мектебінің оқушылары туралы аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Сәбит Дүйсебековке сөз берілді. Сәбит Әбілқасымұлы ескерту жасалған оқушылар туралы айта келіп, оқушылар мен ата-аналарды кезекпен шақырды. Оқушылар мен ата-аналар және аталған мектептің директоры комиссия төрайымы мен мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Және оларға бұл жағдайды екінші мәрте қайталамауы туралы ескертілді.
Анар Садыққызы комиссия отырысын қорытындылай келіп, ювеналды полиция мен білім бөліміне ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, мектептер тарапынан оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында шаралар қабылдауды, мәдениет бөліміне ауылдық елді мекендердегі мәдени ошақтардағы үйірмелерге кәмелетке толмағандарды көптеп тарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close