Basty bet

ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Қазіргі таңда жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамдағы діни өмірдің тенденциясын және ахуалын ескере отырып, оны жастарға дұрыс жеткізіп отыру қажет. Кез келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.
Округте ақпараттық түсіндіру тобы ай сайын елді мекендерге шығып, мекемелер мен ауыл тұрғындарына, оның ішінде, жастар мен еңбек ұжымдарына діни көзқарастарын дұрыс қалыптастырып, халықтық салт-дәстүрлерді, қайырымдылық істер жасау жайлы құнды кеңестерімен бөлісуде.
Қорыта келе, ата-аналар өз балаларына түрлі теріс пиғылды сайттардың соншалықты зияндығын түсіндіріп, жастарды одан сақтандыру үшін барынша жұмылған жұдырықтай атсалысып тәрбие мәселесіне басты назар аудару қажет. Өйткені, жас ұрпақты тәрбиелеу – әрбір ата-ананың борышы. Осы ретте, жастарға қоғамның да, қоршаған ортаның да ықпал ететінін ескеруіміз керек. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген аталы сөз бекер айтылмаған. Сондықтан балалардың бойына жастайынан ізгілік, имандылық, отансүйгіштік, қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық секілді асыл қасиеттерді сіңіру мен тәрбиелеуде отбасы маңызды рөл атқарады. Демек, баланы балабақшадан бастап тұлға ретінде қалыптастыруға, мектеп қабырғасында тіліміз бен мәдениетімізді қастерлеуге, жоғарғы оқу орындарында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үйретудің маңызы зор. Сонда ғана теріс пиғылды діни ағымдарға тосқауыл қоя аламыз. Себебі, халқымыздың мақсаты – ынтымақ пен бірлікті сақтап, бейбіт өмір сүру.

Жанар НҰРМҰРАТҚЫЗЫ,
Қарасаз ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close