Basty bet

Орман шаруашылығы хабарлайды!

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына және 4-бабының 61-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің 2025 жылғы 19-наурыздағы №27-03/61-НҚ және Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы КММ-нің ағымдағы жылдың 20-наурыздағы № 3-546 бұйрықтарын басшылыққа ала отырып «2025 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы» және орындау мақсатында өрт қауіпті маусымы Жамбыл облысында 2025 жылдың наурыз айының 26-шы жұлдызынан басталғанын хабарлаймыз.
Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-ның жалпы ауданы – 103 861 гектар. Мекеме екі орманшылықтан тұрады. Жуалы және Қоянды. Жуалы орманшылығының жалпы көлемі – 30 232 гектар. (таулы аймақ). Соның ішінде – 17 109 гектар Республикалық дәрежедегі ерекше қорғалатын «Берікқара» шатқалы мемлекеттік қаумалы. Мойынқұм жерінің құм және шөлейтті өңірінің «Қоянды» орманшылығының жалпы көлемі – 73 629 гектар.
Жуалы-Қарашат» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалының жалпы көлемі – 148 300 гектар, ұзындығы – 158 13 шақырым. Оның ішінде – 68 649 гектар Жуалы ауданының аумағында. Талас ауданының аумағында -74 651 гектар. Жамбыл ауданының аумағында – 5 000 гектар.
Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.
Өрттің шығуына көбінесе отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады.
Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел мен дауылда сынғыш келеді.
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары естеріңізде болсын!
Табиғи дала өрттерін байқаған жағдайда бірден өртті сөндіруге шара қолданғаныңыз дұрыс. Ал оны өз күшіңізбен сөндіре алмаған жағдайда аудандық өрт сөндіру бөлімінің «101» , «112» немесе орман шаруашылығының 2-02-94 нөмірлі телефондарына хабарласуларыңызға болады. Сондықтан, табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін оны ластамай қорғауымыз керек!
Ш.Ашықбеков,
“Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің” орман өрт сөндіру
станциясының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close