Ádebıet

Ұлы Абай

Уа, қазағым, әндетіп, жырлар күн бүгін,
Абай ақындай туыпты нұрлы күн бүгін.
Халқымыздың өр тұлғалы ақыны,
Шыңғыстауда туған,
Қара өлең кесіп кіндігін.

Абайдай ұлы ақынды меңзедім мен,
Түр-тұлғасы келіскен әр сөзімен.
Адамзатқа болыпты ортақ тұлға,
Абайды данышпан ақын дер ем.

Ақындардың ұлысы болған Абай,
Сөз дарасын қалдырған хакім Абай.
Әрбір сөзін кестелеп ақ параққа,
Ұлы дала данасы болған Абай.

Машықтанған жасынан өлең жазып,
Еңбектенді, шарқ ұрды сөз саралап.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Дара жолың даңғыл ғой, ауыр салмақ.

Ақиқатты жырлады талай-талай,
Жырымен өсиет айтты елге зарлай.
Көздің майын тауысып, өлең жазып,
Барша жұртқа жеткіздің әсем жырлай.

Қаларсың мәңгілікке ел жадында,
Өнегең өсиеттей барша жұртқа.
Күндер өтсін, мейлі жылдар өтсін,
Абай ата есімі жүрек тұста!!!

Сабина КЕҢЕС,
№2 Мыңбұлақ орта мектебінің
8 сынып оқушысы.
Қайрат ауылы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close