Basty bet

ЕРЛЕРДІҢ ЕСІМІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

Құрметті жуалылықтар!
Тыл және еңбек ардагерлері!
Барша жуалылықтарды аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі, адамзат қауымына аса қымбат мереке – 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Ұлы Жеңіске мерейлі 80 жыл толып отыр. Бұл атаулы датаның халық өмірінде алар орны зор.
Ұлы Жеңіс – сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, Отан деп от пен суға түсіп кең-байтақ жерді қорғап қалған, ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін өлшеусіз ерлік жасаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі. Егемен елі барда ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, елімізге бейбіт өмір, әрбір отбасына бақ-береке тілеймін!

Зиядхан БҮРЛІБАЕВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close