Basty bet
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша мәлімет
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» №227 бұйрығының негізінде жүзеге асырылуда.
Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне сәйкес қабылданып, өз кезегінде бұйрықтың бұрын болған қолданыстағы редакциялардың күші жойылды.
Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш қабылдау «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Әлеуметтік Кодексінде қаралған «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қолдау проактивті форматта жүргізілуде, ол дегеніміз – азаматтарға әлеуметтік төлем мен көмек ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде тағайындалуда. Қолданыстағы қағаз құжаттар кезең-кезеңімен жүйеден шығарылады. SMS-хабарламаны министрлік арқылы әр отбасы туралы цифрлық ақпаратты зерттей отырып, күнделікті жіберіліп отырады.
Шартсыз ақшалай көмек еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларға беріледі.
Шартты ақшалай көмек аз қамтылған отбасындағы еңбек жасындағы азаматтар міндетті түрде мемлекеттің жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған кезде бір мезгілде 1 жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға АӘК тағайындау кезеңіне әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлемге шешім қабылданады.
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде 11-тарау, 126 б.1 т. сәйкес адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.
Жан басына шаққандағы орташа кірісті есептеу 127 б.2 т. сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық кірісті отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі. Ал, отбасының жиынтық табысын анықтау АӘК- ке өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініштің және (немесе) Отбасының цифрлық картасының және (немесе) ұйымдардың деректері негізінде алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ қолданыстағы деңгейден төмен емес, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалды.
Жамбыл облысы бойынша 2025 жылға бекітілген (62,3 мың теңге) медиандық табыстың 35% пайыз деңгейі (21,8 мың теңге) төмен болғандықтан, ең төменгі күнгөріс деңгейінің 70% пайызымен есептелінеді, яғни 2025 жылдың 1 тоқсанына бекітілген кедейлік шегі 34 102 теңгені құрап отыр.
Сондай-ақ, материалдық жағдайды зерттеу негізінде отбасылардың АӘК көрсетуге мұқтаждығы туралы қорытынды шығаратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру мақсатында FSM Social мобильді қосымшасы әзірленді. Бұл ретте, Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде учаскелік комиссияның мүшесі отбасының материалдық жағдайы бойынша барлық деректерді енгізеді. Алдын ала қорытынды шығарып, учаскелік комиссияның басқа мүшелеріне қол қоюға жібереді. Мобильді қосымшаны енгізудің артықшылығы геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны), жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңтайландыру. Көмек беруді зерттеу және шешім шығару кезінде формальді тәсілді алып тастау.
Жанна Махмудова,
әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің
бас маманы