Basty bet

2025 жылға арналған аудандық бюджетке өзгеріс енгізу туралы

Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері, жергілікті қоғамдастықтың төрағалары және аудан әкімдігі бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Мықтыбекова, Қошқарата ауылдық округінің әкімі М.Телеушов, аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің басшысы Қ.Жарасұлы және аудан әкімдігінің жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Налекова қатысты.
1. Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Рақымғазы Құниязов ашып, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде 2025 жылға арналған аудандық бюджетке өзгеріс енгізу туралы жобасын қарап, ұсыным беру туралы.
Жиында бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы- Қ.Мықтыбекова баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша Жуалы ауданы Қошқарата елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық маслихатының шешім жобасына оң қорытынды беру туралы.
Хабарламашы Қошқарата ауылдық округінің әкімі М.Телеушов.
Үшінші Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №18-7 «Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау шешім жобасына» өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Налекова.
Төртінші әртүрлі мәселелер.
Жоғарыдағыларды ескере келе,
Төмендегідей шешімдер қабылданды:
1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы жобасына оң қорытынды берілсін.
2. Жуалы ауданы Қошқарата елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық маслихатының шешім жобасын тыңдау кейінге қалдырылсын.
3. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №18-7 «Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау шешім жобасына» оң қорытынды берілсін.
4. Д.Абилов өз еркімен жазылған өтініші бойынша аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігінен шығарылсын.
5. РҚ Қоғамдық кеңес туралы 2015 жылғы №383 заңына сәйкес, аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы-Қ.Жарасұлының «Аудандық жер комиссиясы құрамына мүшелікке бір Қоғамдық кеңес мүшесін ұсыну туралы» хатына сәйкес, аудандық Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасы негізінде Бекболатов Оразалы Шалабайұлы ұсынылсын.

Рақымғазы Құниязов,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close