Basty bet

2025 ЖЫЛДЫҢ 18 МАМЫРЫНДА ӨТКЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫ БОРАЛДАЙ, ҚАРАСАЗ ЖӘНЕ МЫҢБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 18 мамырында Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Боралдай ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 1294 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1085 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 45 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Боралдай ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абдалиев Бауржан Нургалиевич үшін сайлаушылардың 853 дауысы берілді,
Әмірхан Сұлтанғазы Сәбитұлы үшін сайлаушылардың 83 дауысы берілді.
Сәкенұлы Еламан үшін сайлаушылардың 96 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 19.
Сайлау қорытындыларымен: Боралдай ауылдық округінің әкімі болып Абдалиев Бауржан Нургалиевич сайланды. 1988 жылы туған, Боралдай ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлтоған ауылының тұрғыны.
Қарасаз ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 2178 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1345 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 65 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Қарасаз ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Анарбаев Бакыт Талапович үшін сайлаушылардың 174 дауысы берілді,
Арымбаев Нұрғазы Рәсілбайұлы үшін сайлаушылардың 102 дауысы берілді.
Нурмураткызы Жанар үшін сайлаушылардың 1028 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.
Сайлау қорытындыларымен: Қарасаз ауылдық округінің әкімі болып Нурмураткызы Жанар сайланды. 1986 жылы туған, Қарасаз ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жұрымбай ауылының тұрғыны.
Мыңбұлақ ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 2851 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1908 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 12 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Бұрылбай Таслимшах Асанұлы үшін сайлаушылардың 198 дауысы берілді,
Мырзалиев Жанибек Амангелдиевич үшін сайлаушылардың 1408 дауысы берілді.
Нұрбеков Ербол Ералыұлы үшін сайлаушылардың 213 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 54.
Сайлау қорытындыларымен: Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Мырзалиев Жанибек Амангелдиевич сайланды. 1985 жылы туған, Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі-саясат бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны.

Жуалы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Таңдаулы материалдар

Close