Basty bet

СПОРТТАҒЫ СЕРПІН – ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ СЕНІМ

Аудан орталығында орналасқан Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназияның ер ұстаздары мен білікті жаттықтырушылардың арқасында жарқын жетістіктерге қол жеткізуде. Осындай игі істердің жарқын үлгісі ретінде мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің тынымсыз еңбегін айтуға болады.
Мен спортты сүйген саламатты ұрпақ ретінде футболды өте жақсы көремін. Бұл – тек ойын емес, бұл – күш, жылдамдық, ақыл мен ұйымшылдықты қажет ететін керемет спорт түрі. Бос уақытта достарыммен бірге футбол ойнағанды жаным сүйеді. Әрбір ойын – мен үшін жаңа мүмкіндік, жаңа тәжірибе.
Жуырда біз үшін үлкен қуаныш болды. Мектептің жас футболшылары облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» футбол спорт түрінен 5-6 сыныптың оқушылары арасында жалпы командалық есепте жүлделі І орын алып, мектеп пен ауданның абыройын асқақтаттық. Бұл жеңіс – бір күндік емес, жылдар бойы төгілген тердің, жаттықтырушылардың жанкешті еңбегі мен шәкірттер табандылығының жемісі деп білемін.
Футбол – тек спорт емес, ол тәртіпке, ұйымшылдыққа, мақсатқа ұмтылуға үйрететін тәрбие құралы. Футбол маған тек спорттық шеберлік емес, нағыз достық пен ынтымақтастықты да үйретті.
Осы қасиеттердің барлығы – болашақ Отан қорғаушылардың бойында болуы тиіс басты ұстанымдар деп сенімді түрде айта аламын. Мектептің спорттағы әрбір жетістігі – мектеп әкімшілігі мен ұстаздар ұжымының үздіксіз қолдауымен және шәкірттердің тынымсыз дайындығының нәтижесі. Бұл жеңісті – мектеп ұжымы үшін үлкен мәртебе ғана емес, аудан абыройын арттырған қуанышты сәт деп айтсақ та болады. Болашақта да түрлі жарыстарға қатысып, мектеп пен ауданның абыройын асқақтатқым келеді.

Рауф Мамедов,
Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close