Basty bet
АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ
2025 жылдың 18 мамыры күні өткен сайлаудың нәтижесі бойынша Жәнібек Мырзалиев Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
МЫРЗАЛИЕВ ЖӘНІБЕК АМАНГЕЛДІҰЛЫ
1985 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлтоған ауылында туған.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика және информатика» және Шымкент университетін «Экономика» мамандықтарымен бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласы «Оңтүстік-жер» ЖШС-ында жеке еңбек келісім-шарты бойынша оператор болып бастаған.
Әр жылдары бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «Мардан Строй» ЖШС-ында жеке еңбек келісім-шартымен инженер-геодезист. Жуалы ауданының Боралдай ауылдық округі әкімінің аппаратында Жастар тәжірибесі, инспектор, жетекші маман, спорт және жастар ісі нұсқаушысы, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры, Қошқарата ауылдық округінің әкімі, терроризм саласы бойынша Жуалы ауданы әкімінің бас инспекторы, Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2025 жылдың 19 мамырынан бастап Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі.