Basty bet
“БОРЫШКЕР-2025”
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың мамыр айының 21-23 жұлдызы аралығында аудан аумағында төленбеген айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Осы іс-шара барысында Жуалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері және аудандық жеке сот орындаушылармен бірлесіп салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастыруда. Сіздерден салынған әкімшілік айыппұлды уақтысында №204106 есеп-шотқа төлеулеріңізді сұраймыз!
Айыппұлды төлегеннен кейін, төленген туралы түбіртекті Б.Момышұлы ауылы Рысбек Батыр көшесі №84 мекенжайында орналасқан әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет!
Д.Бейсеев,
ЖАПБ-ның ӘПБ бастығы.
Полиция аға лейтенанты