Basty bet

Елді мекендердің шекарасын бекіту туралы мәселе қаралды

Апта басында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері, жергілікті қоғамдастықтың төрағалары және Қошқарата ауылдық округінің әкімі М.Телеушов, Қарасаз ауылдық округінің әкімі Ж.Нұрмұратқызы, Жетітөбе ауылдық округінің әкімі Қ.Беделбеков және аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Жарасұлы қатысты.
1.Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Рақымғазы Құниязов ашып, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде Жуалы ауданы Қошқарата елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық мәслихатының шешім жобасына оң қорытынды беру туралы.
Жиында бірінші мәселе бойынша Қошқарата ауылдық округінің әкімі М.Телеушов баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша Қарасаз ауылдық округіне қарасты Қарасаз, Ақбастау, Жүрімбай, Қарасу, Көктас елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық мәслихатының шешім жобасына оң қорытынды беру туралы.
Хабарламашы Қарасаз ауылдық округінің әкімі Ж.Нұрмұратқызы.
Үшінші Жуалы ауданы Жетітөбе елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық мәслихатының шешім жобасына оң қорытынды беру туралы.
Баяндамашы Жетітөбе ауылдық округінің әкімі Қ.Беделбеков
Төртінші әртүрлі мәселелер.
Жоғарыдағыларды ескере келе,төмендегідей шешімдер қабылданды:
1. Жуалы ауданы Қошқарата елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық мәслихатының шешім жобасына оң қорытынды берілсін.
2. Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округіне қарасты Қарасаз, Ақбастау, Жүрімбай, Қарасу, Көктас елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық мәслихатының шешім жобасына оң қорытынды берілсін.
3. Жуалы ауданы Жетітөбе елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық мәслихатының шешім жобасына оң қорытынды берілсін.

Рақымғазы Құниязов,
аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close