Basty bet

1 тамызда Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады

1 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл ауыл шаруашылығының жай-күйін объективті әрі тұтас бағалауға және осы салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін сенімді деректер көзін алуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі Өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.
Ауыл шаруашылығы санағын мақсаттары мен міндеттері – ауыл шаруашылығы саласының нақты жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алуы, ауыл шаруашылығы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған ауыл шаруашылығы әлеуметтік экономикалық саясатты әзірлеуі.
Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №18-ө Өкімімен бекітілген «2025 жылы Жамбыл облысы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 3-тармағына «Медиа жоспарды іске асыру: респонденттер (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа-фермерлік қожалықтар, дара кәсіпкер және жеке қосалқы шаруашылықтар) арасында 2025 жылы Жамбыл облысының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу тәртібі мен мақсаттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге» сәйкес, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудан орталығында және ауылдық округтердің елді мекендерінде баннерлер мен билбордтар ілінді. Оларды орналастыру жұмыстарына қажетті қаржы ауылдық округтердің 4-бюджетінен қарастырылған.
Жуалы ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылдың 19 наурызындағы №70 каулысымен аудандық комиссиясының құрамы жасақталып, іс-шара жоспары бекітіліп, ауыл шаруашылығы санағына дайындық жасау үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. 15 мамырда ауыл шаруашылығы санағына қатысты аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен аудандық арнайы комиссияның отырысы өтіп, жауаптыларға бірқатар хаттамалық тапсырма берілді.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close