Basty bet

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасына және Үкіметтің 29 желтоқсандағы 2023 жылғы №1248 қаулысына сәйкес 2025 жылы 1 тамыздан 20 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ауылшаруашылық санағын өткізу туралы шешім қабылданды.
Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №18-өкімімен «2025 жылы Жамбыл облысында ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалу және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселерді шешу, іс-шаралар жоспарын бекіту жөніндегі арнайы комиссия құрылды».
Жуалы ауданы әкімі 2024 жылғы 19 наурыздағы №70 қаулысымен «2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын сапалы әрі уақытылы өткізуге жәрдемдесу жөніндегі Жуалы аудандық комиссия құрамын және іс шаралар жоспарын бекіту туралы» комиссия Жуалы ауданында да құрылды.
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мерзімдері және деректерді жинау әдістері айқындалды:
1.2025 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша жер учаскесінің жалпы ауданын нақтылау;
2. 2025 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша жеке қосалқы шаруашылықтары өз жерлерінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірумен айналыса ма соны анықтау;
3. 2025 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын нақтылау;
4. 2025 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының барын анықтау.
Санақ екі кезеңнен тұрады:
-1 тамыздан 31 тамызға дейін – (ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, жеке қосалқы шаруашылықтар) sanag.gov.kz онлайн сауалнама өтеді.
– 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңі, интервьюерлер планшетпен сауалнама жүргізу арқылы өткізеді – (2 этап). (жеке қосалқы шаруашылықтарды жаппай елді мекендер бойынша аралау онлайн арқылы өтпеген шаруа фермер қожалықтарымен жеке кәсіпкерлерді аралау).
2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін 6 инструктор және 25 интервьюерлер қабылданады.
Қазіргі таңда әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі мен шекараларын, аншлагтарға сәйкес көшелердің атауын, көше типтерін, үйлердің нөмірленуін нақтылауды өзектендіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне мекен-жайдың тіркеу кодтарын енгізу, былайша айтқанда барлық үйлер мен пәтерлерге, жер учаскелеріне тіркеу кодтарын беру, әсіресе құрылыс жүргізіліп жатқан, тіркеу кодтары берілмеген учаскелерде тұратын халықпен жұмыс жасау, елді мекендер атауының Әкімшілік аумақтық объектілердің жіктеуші (КАТО) және «Мекенжай тіркелімі» АЖ-де сәйкестігін растау, көшелердің атауы және үйлердің нөмірлері көрсетілген аншлагтарды дайындау және орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Баннерлер, билбордтар және басқа да үгіт материалдарын дайындау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тұрғындар арасында ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығында 4-5 баннер мен билбордтар және ірі елді мекендерде орналыстырылған баннерлер, билбордтар саны кемінде 3, шағын елді мекендерде кемінде 2-ден орналастыру жоспарланған.
2025 жылдың 1 тамызына дейін ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңінде респонденттердің онлайн режимде сауалнамадан өтуі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылуда.
Санақ персоналының қауіпсіздігі мақсатында қаңғыбас жануарларды аулау бойынша шаралар қабылдануда.
Жуалы аудандық полиция бөлімінен санақ персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі (1 мен 30 маусымға дейін 20 қыркүйекпен 20 қазан аралығында) аудандағы елді мекендер бойынша учаскелік инспекторлардың тізімі ұсынылды.
Осы аталған іс-шараға байланысты Жуалы ауданында тіркелген шаруа(фермер) қожалық басшылары мен ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық жеке кәсіпкерлерді және заңды тұлғаларды алдағы болатын санаққа өз үлестеріңізді қосып sanag.gov.kz онлайн сауалнама арқылы өтуге шақырамыз!

Бақытжан СЫПАТАЕВ,
аудандық статистика басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close