Basty bet
Аудандық бюджетке өзгерістер енгізу
Апта басында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері, жергілікті қоғамдастықтың төрағалары және аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Мықтыбекова қатысты.
1.Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Мақсұтбек Арзымбетов ашып, жүргізді. Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысына төрағалық ету ҚР Қоғамдық кеңестер туралы 2025 жылғы 15 қарашадағы №383 заңына сәйкес, М.Арзымбетовке тапсырылды. Отырыс төрағасы М.Арзымбетов Р.Кұниязовтың Облыстық Қоғамдық кеңестегі шұғыл жиналысына кеткендігін жеткізіп, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде «2025 жылға арналған аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің жобасын талқылау туралы.
Жиында бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Мықтыбекова баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық кеңесінің 2025 жылдың ІІ тоқсанының жұмыс жоспарына сәйкес, зерделеу анықтамаларын талдау туралы
Хабарламашы – тұрақты комиссия төрағалары О.Бекболатов, Ж.Сейтбеков, Н.Мырзахметов.
Үшінші әртүрлі мәселелер.
Жоғарыдағыларды ескере келе, төмендегідей шешімдер қабылданды:
1.«2025 жылға арналған аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің жобасына оң қорытынды берілсін.
2.Аудандық Қоғамдық кеңесінің 2025 жылдың ІІ тоқсанының жұмыс жоспарына сәйкес, «Құқық саласы», «Бюджет саласы» «Аграрлық сала.» зерделеу анықтамаларына оң қорытынды берілсін. Жоғарыда атап өткен мәселелер бойынша аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері Н.Малибекова және Н.Сейтбековтың ұсыныстары назарға алынсын.
3. ҚР Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылдың №383 заңына сәйкес, Д.Абилов Қоғамдық кеңестің мүшелігінен өз еркімен шығуына байланысты орнына резервтегі Эсмира Мамедова осы хаттаманың негізінде Жуалы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне қабылдансын.
Аудандық қоғамдық кеңес