Basty bet
Қамқорлық аясы кеңейе түсуде
Ауданда мүгедектерге, қарттарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтарға, тұрмысы төмен әлжуаз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 Қаулысымен бекітілген мүгедектер мен қарттарға көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтің 8 түрі бойынша және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес жұмыстар атқаруда.
Мүгедектер мен қарттарға көрсетіліп отырған 8 мемлекеттік қызметтер бойынша 2019 жылдың он айында бөлінген атқарылған жұмыстарға тоқталсақ:
1. «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша өтініш берген 31 адамның өтініштеріне сәйкес сұраныс беріліп, бүгінгі күнге 17 өтініш қанағаттандырылды.
2. «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша, сурдо-тифлотехникалық құралдарға мұқтаж 36 мүгедектің өтініштері қабылданып, облыстық басқарма тарапынан берілген сурдо және тифло құралдармен қамтылды. Сонымен қатар, 10 айда міндетті гигиеналық құралдарды қажет ететін 262 азаматтан өтініш қабылданып, жөргекпен (памперс), нәжіс-несеп қабылдағыштармен, компенсаторлық құралдармен қамтылды.
3. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша 81 мүгедек балаға 2393,0 мың теңге көмек тағайындалып, төленді;
4. «Жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша « Жуалы жан жылуы» корпоративтік қоры арқылы жұмыс атқара отырып, 98 мүгедектің өтініші бойынша 98 жеке көмекшілердің қызметіне 13242,0 мың теңге еңбекақысы төленді, естуінде кемістігі бар 18 мүгедекке 2 ымдау тілі маманының қызметіне 2428,9 мың теңге жалақы төленді.
5. «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша 199 мүгедектен өтініш қабылданып, облыстық басқарма тарапынан берілген «ГРЭС», «Самал» шипажайларына барып, ем алуда.
6.«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша облыстық бейімдеу орталығына 2019 жылдың 10 айында 41 азаматтан өтініш қабылданып, 33 әртүрлі топтағы мүгедектер өтініштері бойынша жолдамаларын алып емделуде.
7. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша, ауданда протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж 172 адамнан өтініштер қабылданып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сұраныс жолданып, 15 азамат өз еркімен бас тартып, 125 азамат әртүрлі құралмен қамтамасыз етіліп, қалғандары кезегіне сәйкес жолдамаларын алып, өлшемдерін өлшетуде.
8. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша 77 жалғызбасты қарттарға 14 әлеуметтік қызметкер, 37 мүгедек балаға 9 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде.
Керімхан ТӨРЕҚҰЛОВ,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы