Basty bet
“БОРЫШКЕР – 2025”
Құрметті Жуалы ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың шілде айының 23-25 жұлдызы аралығында аудан аумағында төленбеген айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер – 2025» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Аталған іс-шара барысында Жуалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері және аудандық жеке сот орындаушылармен бірлесіп салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастыруда.
Сол себептен, Сіздерден салынған әкімшілік айыппұлды уақытысында №204106 есеп-шотқа төлеулеріңізді сұраймын. Айыппұлды төлегеннен кейін төленген туралы түбіртекті Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесі №84 мекен жайында орналасқан Жуалы АПБ-ның әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет!
Б.АСҚАР,
Жуалы АПБ-ның ӘПБ
аға инспекторы.
Полиция аға лейтенанты