Basty bet

ТАҒАЙЫНДАУ

Жуалы ауданы әкімінің 21 шілде 2025 жылғы №244 өкімімен Жатқанбаев Қайрат Есенбекұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жатқанбаев Қайрат Есенбекұлы
1971 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтын мелиорация жұмыстарын механикаландыру мамандығымен және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын экономика мамандығымен тамамдаған.
Еңбек жолын 1993-1994 жылдары Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының қызметшісі болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл ауданының Аса ауылындағы шаруа қожалықта шофер-механизатор, «Аса» өндірістік кооперативінде инженер-механик, «Казфосфат» ЖШС-да 5-разрядты атқыш, 5-разрядты аға атқыш, диспетчер, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы, сатып алу бөлімінің басшысы, сатып алу бөлімінің экспедиторы, сатып алу бөлімінің аға экспедиторы, Жамбыл ауданы әкімиятының «Жамбыл» КМК-ның директоры, Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери-есеп жүргізушісі, Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» мекемесінің директоры, «Жуалы-Су» мекемесі басшысының орынбасары, Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы, 2022-2025 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Таңдаулы материалдар

Close