El іshіSport

Ел мақтаны – Елбасы!

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Білім» орталығында «Ел мақтаны – Елбасы!» атты танымдық кеш өтті. Кешті кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары ұйымдастырды. Шараға Мыңбұлақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Меруерт Рахымбаеваның жетекшілігімен 8 «А» сынып оқушылары қатысты.
Танымдық кеш Мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Шара барысында теледидардан Елбасына арналған слайд көрсетілді.
Кешті жүргізуші кітапханашы Айгүл Дауытова: «1 желтоқсан – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Яғни 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Ғасырлар бойы, халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи арманы орындалды»,-дей келіп кезекті мектеп оқушыларына берді.
Ортаға балалар кезегімен шығып, Елбасы туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.
Шараны аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Айжан Жұманова қорытындылап, кешке қатысушыларды мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, ол балаларды кітапханаға келіп, кітап оқуға, білімді ұрпақ болуға шақырды.

Айгүл Қалымханқызы.
Суретті түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close