Sport

Тартысты өткен турнир

Жуырда Б.Момышұлы атындағы стадионда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, пробация қызметі бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Жастар – ел болашағы!» атты футболдан жарыс өтті. Жарысты аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Арзымбетов, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ж.Мырзалиев, пробация бөлімінің инспекторы Е.Иманбердиев ашты.
Турнирге аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жастардан құралған «Пробация» және ерікті жастардың құрамасы, яғни барлығы бес команда қатысты. Жарыс барысында футболдан бөлек, қолкүрес, арқан тартудан да өзара мықтыларды анықтады.
Жарыс нәтижесінде І орынды «Ардагерлер» құрамасы, ІІ орынды «№12 БЖСМ» құрамасы, ІІІ орынды «Достар» құрамасы иеленді. Жарыс соңынан жеңімпаздар Диплом, медаль, кубокпен марапатталды.
Ермұхан Иманбердиев,
аудандық пробация қызметі
бөлімінің инспекторы,
әділет аға инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close