Sport

Шаңғы жарысы өтті

Өткен жұмада аудан әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің округтердегі спорт нұсқаушыларының атсалысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шаңғы тебуден жарыс өтті. Жарыс аудан орталығындағы «Жастар» аллеясында болды.
Іс-шараның мақсаты – шаңғы тебу спортын дамыту.
Жарысқа он мектептен 50-ден аса оқушы қатысты. Шаңғышылар 2,7 шақырымға шаңғы тепті.
Қызықты жарыс нәтижесінде Мыңбұлақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жомартбек Береке жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынды аталған мектептің 11 сынып оқушысы Асқар Самат, ІІІ орынды А.Байтұрсынов атындағы орта мектепті 10 сынып оқушысы Сәбит Нұрғалым мен №29 орта мектептің 11 сынып оқушысы Серік Диас иеленді.
Жарысқа аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің ауылдық округтердегі спорт нұсқаушылары мен мектептердің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері төрешелік етті.
Жеңімпаздарды білім бөлімінің әдіскері Азамат Сатыбалдиев бөлімнің кубогімен және арнайы Дипломымен марапаттады.
«Жаңа өмір» – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close