Sport

Аудандық турнир өтті

Аудан әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинеті және №1 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің атсалысуымен аталған мектеп-гимназия базасында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, «Абай деп соққан жүректер» атты воллейболдан қыздар арасында аудандық турнир өтті.
Турнир Ұлы Абайдың өмір жолы мен артынан қалдырған өшпес ізін еске алудан басталды. Іс-шара барысында дара Абайдың қара сөздері мен көңіл толқытар өлеңдері оқылып, бейне роликтер де көрсетілді. Көп ұзамай жарыс басталып кетті.
Нәтижесінде мектеп оқушылары арасында аудан жеңімпазы №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектептің қыздардан құралған воллейбол командасы І орынды иеленіп, өздерінің мықты екенін тағы бір дәлелдесе, №1 мектеп-гимназияның командасы ІІ орынға, №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қыздары ІІІ орынды иеленді.
Турнир жеңімпаздары диплом, кубок медальдармен марапатталды.

Азамат САТЫБАЛДИЕВ,
аудан әкімдігі білім
бөлімінің әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close