Sport

19 спортшы жүлдемен оралды

Жақында Тараз қаласында ережесіз жекпе-жектен республикалық чемпионатқа іріктеу өтті. Оған ауданымыздағы «Жуалы-Арлан» аралас жекпе-жек клубынан 20 спортшы қатысып, бақ сынасты.
Жалпы іріктеуге облысымыздан 200 спортшы қатысқан блатын.
Тартысты жарыс нәтижесінде тренер Шыңғазы Азаттың талантты шәкірттері Шыңғазы Нұрғазы, Анарбек Нұрғиса, Қалдыбек Арсен, Бачаев Исе, Оздамиров Асхаб, Қуаныш Жеңіс сынды спортшылар І орынды жеңіп алды. Ерекше техникаларды көрсетіп, жеңімпаз атанған спортшылар арнайы Дипломдармен, медальдармен марапатталды.
Жарысқа барған 20 спортшының 19-ы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, ІІ орынды иеленгендер: Нұрғали Нұрлыбайұлы, Аян Қалдыбек, Айдын Уәлихан, Батыржан Айдарбек, Хавас Лабозанов, Бағжан Айдарбек, Ерасыл Күлжан, ІІІ орынды Ғабит Сабырай, Жарас Аманбай, Ақан сері Төлеш, Хазболат Имадаев, Әлімжан Қалыбай, Нұрбол Жамалбек иеленді.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close